ОҚ ПЕН ОТТЫҢ ОРТАСЫНДА

Ұрыс даласы қауіп пен қатерге толы. Сарбаздың бойында қорқыныш пен үрей болса да  оның шегінуге хақы жоқ. Себебі, ол Отанын қорғау керек. Сарбаз «Отанымды, елімді қорғаймын» деп ант берді. Және ол өз антын бұзбайды. Нағыз елін сүйетін, жерін сүйетін азамат Отан үшін отқа түсіп, суға да батады.  

Кез-келген уақытта барлық жағдайға дайын болу үшін әскери күш ешқашан босансымау керек. Ел қауіпсіздігіне жауап беретін сарбаздар сақадай сақ болса керек.

Дулати университетінің студенттері де өз әскери даярлықтарын шыңдау үшін Айша бибі аулы маңындағы полигонда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Екі жүзге жуық студент қатысты. Жаттығу жиыны 20-шілдеден 24-тамызға дейін жалғасатын болады. «Запастағы лейтенант» әскери атағын иелену үшін әскери кафедра студенті бұл даярлықтан өтуге міндетті.

– Теориялық білімді студенттеріміз қашықтан оқу жүйесі бойынша алды. Енді оны тәжірибемен ұштастыруы шарт. Полигонда болып, барлық үйренгенін іспен көрсетіп, әскери даярлығын шыңдау керек. Жаттығу жиыны барлық санитарлық талаптарға сай өткізілуде. Арақашықтық сақталған, маскалары бар, барлық қатысушының  дене температурасын өлшедік. Оған қоса қауіпсіздік үшін студенттерді тасымалдайтын көлік санын да арттырдық,- деді Әскери кафедра басқарушысы, полковник Сағат Мукушев.

Әскери даярлық барысында студенттер нысанаға атты. Ату алдында даярлық жаттығуларын жасады: АК-74 автоматын шашып, қайта жинады, әртүрлі жағдайда атуға даярлық жасады және ату кезінде қауіпсіздік шараларын меңгерді. Толықтай дайын болған соң ғана арнайы орыннан бір адамға 13 оқтан берілді.

Автоматтарын оқтаған курсанттар нысананы атуды бастап кетті. Нағыз қауіпке толы ұрыс даласы. Адам жаны шошырлық ащщы дауыс, нысанадан алыс кеткен оқ топырақтың шаңын шығарды. Атып болған соң әркім өз нәтижесін білу үшін нысананы барып көріп, қаншалық дәлдегенін біліп жатты.

Бұл оқу-жаттығудан студенттер көп нәрсені үйреніп қана қоймай, біраз дүниені көңілге түйіп, ойға тоқып қайтты.

304d9bc3 3684 44b0 b288 9ad6b8adfe26

DSC 0124 min

DSC 0142 min

Медиа-қызмет

Прочитано 686 раз
Top