СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС

Пандемия салдарынан туындаған карантинге байланысты іс-шаралар мен кездесулер онлайн форматта өтіп жатқаны мәлім. Бүгін Рухани жаңғыру жобалық офисінің жетекшісі, филология магистрі Балмира Мырзабаева университетіміздің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып, «Рухани жаңғыру: жастар және ұлттық сана тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Балмира Мырзабаева дәріс барысында бағдарлама аясында жүзеге асқан жобалар жайында сөз қозғады.  – Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы 2017 жылы 12-сәуір күні жарыққа шыққан болатын. Ізінше жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланды. Бұл еліміз үшін ұзақ мерзімді стратегиялық құжат болып саналады. Міне, осы бағдарлама аясында елімізде көптеген маңызды жобалар қолға алынды. Атап айтсақ, туған жер, қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделуі, түркі әлемінің генезисі, жүз жаңа есім, дәсүр және білім, дала фольклоры сынды жобалары жүзеге асуда. Университетімізде біршама жоба қолға алынды. 2017 жылы «Әулиеата – киелі мекен» археологиялық экспедиция ұйымдастырылып, нәтижесінде деректі фильм түсірілді, кітап басылып шығарылды. Жамбыл облысында мекендейтін ұлт өкілдерін көрсететін арнайы интерактивті карта әзірленді,- деп жүзеге асқан жобаларға тоқталып, жұмыстарды саралап берді.

Дәріс соңында қалыпты білім беруге көшкен кезде студенттерді офиске келіп, латын графикасын үйрететін оқу кабинетімен танысуға, өз ұсыныстарын айтуға шақырды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1428 раз
Top