ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА ОЙ АЛМАСТЫ

2020 жылдың 4 қарашасында Цюрих Университеті Славян зерттеу институтының онлайн-алаңында «Болашақтың тілдік дағдылары» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Модератор - Ольга Буренина Петрова, филология ғылымдарының докторы, Цюрих университетінің ғылыми қызметкері. Мақсатты аудитория - Швейцария мен Қазақстанның студенттері, магистранттары және докторанттары. Цифрлық білім беру, онлайн-курстар, виртуалды оқыту мәселелері бойынша семинарға қазақстандық тараптан «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Л.В Сафронова, кафедраның докторанты Е.Шмакова, сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Орыс филологиясы» кафедрасының докторанты Ж.М. Рысалдиев және басқалар қатысты.

Жаксылык Руссалдиев

Прочитано 1220 раз
Top