Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған VIII республикалық патриот жастар форумы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырып өткізетін жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мен жастарға сенемін» форумына қатысқан студенттеріміз қатарынан озып келді.
Кіл жүйріктен шын жүйрікті анықтайтын жарысқа Қазақстанның жүз бес жоғары оқу орнынан бес мыңнан аса үміткер қатысқан. Соңғы айналымға үш жүз студент жолдама алған болатын, бес түрлі тақырып аясында өткен байқаудың «Мен жастарға сенемін» атты азаматтық поэзия жарысында алты жүз ақын қатысып, соңғы айналымға бес ақын өткен. Қазылар алқасының шешімімен университетіміздің журналистика мамандығының 4-курс студенті Шапағат ӘБДІР «Шабыт» сыйлығына ие болса, аталған байқаудың «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын» тақырыбында эссе жазу жарысында осы мамандықтың 4-курс студенті Сабрина ҚИРБАЕВА «Нұрлы ой» номинациясының лауреаты атанды. Эссе байқауына әр өңірден жалпы 1541 студент қатысып, мәреге алты студент жеткен.
Қазіргі пандемияға байланысты байқау қортындысы онлайн-форматта өтті.
Медиа-қызмет