ЖЕҢІС ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында Дулати университетінің студенттері мен түлектері жеңіспен оралды.

Жарыстың талабы бойынша команданың барлық мүшелері COVID-19 сынамасын тапсырды.   Сонымен бірге ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жектер бір уақытта өткізілді.

Жалпы командалық есепте Маңғыстау облысы көш бастаса, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының боксшылары иеленген. Үшінші орынды еншілеген Жамбыл облысының командасы болды.

М.Х Дулати атында Тараз өңірлік университетінің студенттері Әбілхан Аманқұл 75кг салмақ дәрежесінде, Айбек Оралбай 91 кг салмақ дәрежесінде 1 - орынды қанжығамызға байласа, Нұрбек Оралбай (81 кг) 2 – орынды иеленді. Ал, Бийбарс Жексен 57 кг, Жансая Абдраимова 51 кг және Балжан Асқар 69 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп 3- орынға ие болды.

Сонымен бірге Дулати университетінің түлектері Алуа Балқыбекова, Айгерім Ошақбай, Ермек Мадиев, АсланбекШымбергенов, Аман Қазанғапов жеңіске жетті.

Медиа-қызмет

Прочитано 1431 раз
Top