ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІК

«Химия және химиялық технология» кафедрасының профессоры Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сейітқызының мақалалары Web of Science және Scopus мәліметтер базасына енген шетелдік рецензияланған журналдарда белсенді дәйектелуде. Олардың ғылыми мақаласы физика-химиялық әдістерді қолдану арқылы табиғи және бағаналы сазбалшықтар негізіндегі катализаторларды құруға арналған, құрылған катализаторлар жасыл химияның 12 принципінің талаптарына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Б.К.Масалимованың h-индексі Web of Science және Scopus мәліметтер базасында 3 тең. Сонымен қатар, Б.К.Масалимова мен 6D060600-«Химия» мамандығының докторанты Шораева Камшаттың «Этанды этиленге тотықтыра дегидрлеуге арналған катализаторды алу әдістері» өтінімі бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» пайдалы модельге патент беру сараптама ұйымының оң шешімін алды.

Медиа- қызмет

Прочитано 1336 раз
Top