ЖҰМЫС ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде мемлекеттік білім грантында оқитын аспиранттарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айталық, университетте 591 магистрант мемлекеттік грантта білім алуда. Оның ішінде техникалық мамандықтар бойынша - 316, педагогикалық мамандықтар бойынша - 275 жас бар.

Түсіндіру жұмыстарында түлектерге диплом алғаннан кейін мамандық бойынша міндетті жұмыс шарттары түсіндірілді.

Нақтырақ айтсақ, көпшілікке белгілі 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №390 қаулысы шықты, ал 2016 жылы осыған өзгерістер енгізілген-ді. Сәйкесінше, мемлекеттік грантта оқыған студенттер оларды дайындауға жұмсаған қаражат есебінен жұмыс істейді.

Жалпы мемлекеттік грантта оқитын студенттер еліміздің кез келген жерінде жұмысқа орналаса алады. Ал, ауыл квотасы бойынша оқыған   білімгерлер тек ауылда болмаса аудан орталығында жұмыс жасай алады.

Студенттерге жұмыспен қамтудың барлық әдістерін әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды, өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін алты айлық жастар практикасын да айтта кетті. Сондай ақ, жұмыс іздеген кезде зейнетақы жарналарына басты назарда болуы шарт. Себебі, жұмысқа кірген маманның көптеген мәселелерін және сот ісін жүргізуден сақтайды. 2020 жылы ЖОО аяқтайтын түлектер 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жұмыс тауып, құжаттарын ұсынғаны дұрыс.

Кездесу соңыңда студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

                                                                                              Медиа-қызмет

Прочитано 1279 раз
Top