ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Браганса Технологиялық институты (IPB, Португалия) арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы келісімі аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасының магистранты Попов Николайдың «Removal of emerging pollutants from aqueous  matrices» тақырыбында магистрлік диссертациясы қорғалды. Магистрлік жұмыс ағынды суларды тазалау үшін қолданылатын тиімді адсорбенттерді құруға арналған.

Магистрлік диссертацияны қорғау 9 желтоқсан 2020 жылы ZOOM платформасында ұйымдастырылды, қорғауға IPB профессорлары Helder  Teixeira Gomes, Ana Queiroz , António Ribeiro , Paulo Brito; Дулати университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.К.Масалимова, доцент И.Г.Цой және «Жоғары білімнен кейінгі бөлім» бастығы З.А.Наурузбаева қатысты.

Магистрлік диссертация рецензенті профессор Isabel Patricia Martins Fernandes ұсынылған жұмысқа жан-жақты талдау жасап, пікірін білдірді.

Барлық комиссия мүшелері пандемияға байланысты форс мажор жағдайына қарамастан, қосдипломды білім беру бағдарламасы негізінде алғашқы сәтті аяқталған магистрлік диссертацияға қанағаттанушылықтарын білдірді.

Дулати университеті мен IPB арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасының жетекшілері профессор Helder Teixeira Gomes, профессор Бакытгуль Кабыкеновна Масалимова бағдарламаның ары қарай дамуына үлкен үміт артатындарын білдірді.

 
 

«Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы,

магистр Гүлнұр Мадимарова

Прочитано 1421 раз
Top