ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бірінші онлайн-G-2 әлем чемпионатында (Сеул, Оңтүстік Корея, 2020), қазақстандық спортшы, Дулати университеті «Дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушыларын спортқа даярлау» білім бағдарламасының студенті  Александр Тен 3 - орынды жеңіп алып, қола жүлдегер атанды. 

Бұл туралы Александр Тен өзінің спорттық өмірі туралы сұхбатында толығырақ айтты.

-Сіз қай уақыттан бері спортпен айналысасыз? 

-Мен тоғыз жылдан бері таэквондо WT-мен айналысамын. Бұған дейін мен басқа спорт түрлерімен айналысуға тырыстым, бірақ ол нәтиже бермеді. Маған таэквондо ұнады және маған кәсіби түрде  спорт қажет деп шештім. Мен үшін таэквондо бірінші кезекте тәртіп. Бұл жекпе-жек өнері рухты тәрбиелейді, қиындықтарға қарсы тұруға үйретеді.

 - Осы әлем чемпионаты туралы толығырақ айтып берсеңіз. 

Пандемияға байланысты әлем чемпионаты алғаш рет онлайн форматта өтті. Ұйымдастырушысы - Сеулде орналасқан Дүниежүзілік таэквондо ұйымы. 98 елден 1500 спортшы қатысты. Біз «Pooms» (бірыңғай киім) бойынша жарыстық. Алдын ала жазылған бейне ұсынылды. Сегіз үздік спортшы финалға өтіп, олар жеңіс тұғырына таласты.Бұл жолы финалға Оңтүстік Корея мен Тайланд,  Вьетнам, Филиппин, АҚШ, Никорагуа, Хорватия, Қазақстанның өкілдері қатысты. Мен +18 ұранымен фристайлда қола жүлдегер атандым.

- Чемпионат басталмас бұрын сіз жүлдегер боламын деп сенгенсіз бе, әлде қатысқаныңызға қуандыңыз ба?

 -Бұл менің бірінші әлем чемпионатым. Мен өзімнің күшімді, мүмкіндіктерімді тексергім келді. Біз ең болмағанда үздік ондыққа кіреміз деп үміттендік. Спортта сіз өзіңізге тым сенімді бола алмайсыз және қарсыластарыңызды бағаламай қарауға болмайды,3- орынға ие болып, алғашқы үштікке енгенімде мен қатты қуандым. 

- Сіз жарақаттанудан  қорқасыз ба?

 - Өкінішке орай,  жарыс барысында кез- келген сәтте жарақаттануың мүмкін.  

Қарсыласының бойынан қандай қасиетті көргін келеді.

- . Әлсіздермен бәсекелесудің мағынасы жоқ,  қарсылас мықты болса, онда сізде мықты боласыз. Біреуді жеңу үшін ең алдымен өзіңді жеңу керек! 

-Кез-келген спорт - үлкен жұмыс. Сіз жаттығуға қанша уақыт бөлесіз?

-Мен күн сайын күніне екі реттен кем дегенде екі сағат жаттығамын. Жарыс алдында  бір айға созылатын дәстүрлі түрде оқу-жаттығу жиындары өтеді. Мен дайындық пен оқуға бірдей үлгеруге  тырысамын. 

-Сіз дипломды алғаннан кейін дене шынықтыру мұғалімі немесе жаттықтырушы ретінде жұмыс істей алатындығыңызды көздейтін білім беру бағдарламасын таңдадыңыз. Сіз студенттермен ортақ тіл таба аламын деп ойлайсыз ба?

 - Білесіз бе, бастысы - істеген ісіңізден ләззат алу, сонда бәрі ойдағыдай болады. Маған спорт, жаттығулардағы атмосфера ұнайды.

-Сіздің арманыңыз

- Олимпиадаға қатысу. Әрине, олимпиада чемпионы атану.

Медиа-қызмет

Прочитано 1393 раз
Top