БАТЫРЫН БАҒАЛАҒАН КЕШ

«Ұстаз» институтының ұйымдастыруымен халық қаһарманы, кеңес одағының батыры, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына орай «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» залында «Қазақтың хас батыры» тақырыбында жастар сұхбат алаңы өтті.

Іс-шараға «Ұстаз» институтының құрамындағы кафедра ұжымы, студенттер,магистранттар және қонақтар қатысты.

Аталған шараның тізгінін «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Жолдасова ұстады. Бауыржан атамыздың батырлығы, ұлтын шексіз сүйген тұлғалық қасиеті бүгінгі ұрпақтың болашағына анық жол екенін екшеп айтты. ф.ғ.к, доцент Алшагүл Мукашева бүгінгі жастардың батыр Баукеңді тереңірек тану үшін жоғары оқу орнында «Бауыржантану» пәні арнайы енгізілсе деген көзқарасын білдірді. Сәт Қуантай, Ғалия Абылай тағы басқа қонақтар жастар атынан сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

«Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттері «Менің көзіммен...» тақырыбында батырдың бейнесін қылқаламмен бейнелесе, халық қаһарманының соғыстағы тактикалық шеберлігі негізінде «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының студенттері Ергенбай мен Сүйеубай автоматты шашып-жинау өнерін көрсетті.

Қорытынды сөзді «Бауыржантану» ғылми-зерттеу орталығының маманы Әлімбай Найзабаев алып, тың дерек, тұшымды ойлармен бөлісті.

DSC 0321DSC 0312

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Медиа-қызмет

 

Прочитано 1393 раз
Top