ЖАҢА ФОРМАТТА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫЗ ЖАЛҒАСУДА

Дулати университеті «Шет тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен “Using Apps in a Distance Learning” тақырыбында семинар өтті.

Онлайн форматта өткен бұл іс-шараға қалалық орта мектептер мен мектеп-гиназия мұғалімдері, тілдік мектептердің өкілдері, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернат ұстаздары және ауылдық мектеп мұғалімдері қатысты.

Жиында Педагогикалық ғылымдар магистрі М.А Грибенюк Google формада «Автопрокторинг» құралын қолдану жолдарын түсіндірді.

Филология магистрі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ, Оңтүстік Калифорния университетінің білім алушысы А.Р Нұржанова қатысушыларды Flipgrid вебсайтымен таныстырды. Аталған сайтта оқытушылар мен білім алушылар пікірталасқа қатысу үшін өздерінің жасаған посттарын, видео және аудио жұмыстарын орналастыра алады.

Филология ғылымдарының магистрі Ю.С. Рахимова көпфункциялы Padlet сервисінің мүмкіндіктеріне тоқталып, виртуалды тақта бола алатын сервистің сабақта қолданылу түрлерін көрсетті. Келесі кезекте, Юлия Сергеевна Zoom платформасының секциялық бөлімдерінде талқылау жұмыстарын, топтық жұмыс немесе сол сабақ аясында жоба жасау мүмкіндігінің тиімділігіне тоқталып өтті.

Айта кететін жағдай, Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары өткен жылы АҚШ елшілігі тарапынан ұйымдастырылған «Педагогикалық университеттер үшін ағылшын тілін жетілдіру» жобасының қатысушылары болып табылады. Жоба барысында оқытушылар шет тілін оқытудағы түрлі интернет құралдарын қолдануды игеріп шықты. Білімдерімен осы семинарда мұғалімдермен бөлісті.

Жиын соңында семинарға қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, кафедра оқытушылары орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мақсатында, тақырып таңдауда негізгі жас ерекшелігін ескере отырып және тыңдаушылардың өздерін де баяндамашы ретінде қатыстырып, ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.

           семин x

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.В.Новожилова, п.ғ.к., доц.

И.Г. Лошкова, аға оқытушы

Прочитано 1231 раз
Top