БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРІ

Дулати университеті « Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 1-курс студенті Сұлтан Бабаханов – Қазақстан Республикасының чемпионатында ол 75 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды.

 Қазақстан бокс федерациясының ақпараттық сайты хабарлауынша, бокстан жастар арасындағы ел чемпионатының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы медальдар 2 алтын, 2 күміс және 4 қоламен көш бастап тұр. Біз осы орайда еліміздің төрт дүркін чемпионы, бокстан Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы, Азия чемпионы Сұлтан Бабахановпен спорттық жетістіктері, алдағы жоспарлары жөнінде аз-кем сұхбаттасқан едік.

- Өткен чемпионат сізге қандай әсер қалдырды? 

-Чемпионат қызықты әрі жарқын өтті. Бұл жолы жанкүйерлерсіз өткені ғана өкінішті болды. Мен жеті күннің төрт күнінде қатарынан рингке шықтым. Төрт жекпе-жектің үшеуі мерзімінен бұрын аяқталып, мен бірінші раундта аяқтадым. Барлық қарсыластарым менімен күш жағынан да, жас жағынан да шамалас болғандықтан еш қиындық тудырмады.  

- Сіздің боксты таңдауыңызға не себеп болды? 

-Мен бала кезімде мазасыз едім. Соны байқаған әкем энергиямды дұрыс бағытқа бағыттасын деп мені бокс секциясына алып барды. Бұл спорт менің табиғатыма өте жақын. Мен мектепте оқып жүрген кезде-ақ Азия чемпионы болдым. 

-Сіз үшін бокс деген не? 

-Бокс - бұл хобби әрі жұмыс. Әрине, үнемі формада болу керек болғандықтан шаршайтын сәттер аз болмайды. Сондықтан бұл бір жағынан қатал спорт. Пандемия басталған кезде біз мектеп стадионында, саябақтарда жаттығып, барынша мүмкіндік табуға тырыстық.  

-Теледидардан, интернеттен басқа боксшылардың жекпе-жегін жиі көресіз бе?

 - Жиі көремін, өйткені олардың техникасына назар аудара отырып, өзім де біраз тәжірибе жинаймын. Қазіргі күні бокс қарқын алып келеді Ережелері де жаңаруда. Мен аты аңызға айналған боксшылардың да, жаңадан шыққан талантты былғары қолғап шеберлерінің де жекпе-жектерін тамашалаймын. Сол арқылы өзімді ширықтырып, шыңдала түсемін. 

-Кәсіби спорттағы мансап туралы ойладыңыз ба?

 - Мен бұл туралы, әрине, ойладым. Келешекте кәсіпқой рингте атой салуым да ғажап емес. Бірақ әзірге алға қойған жоспарларым мүлде басқа. 

- Салмақты төмендету боксшыларға тән. Әуесқойлар мұны жасай ма?

-Әр адам салмағын өзгертеді, бірақ оны әр түрлі жасайды. Әуесқойлар үшін кем дегенде 5 келі, кей жағдайда 10 келіге дейін тастауға тура келеді. Кәсіби боксшыларда бұған диетологтар көмектеседі, ал әуесқойлар мұны көбіне өз күштерімен жасайды. 

-Қазіргі уақытта көптеген әйелдер бокспен, оның ішінде кәсіпқой бокспен айналысады. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? 

-Әйел - нәзік жаратылыс. Сондықтан ол әйел болып қалуы керек. Бокс - бұл жарақат алатын спорт түрі. Егер сіздің мұрныңыз сынып немесе ерніңіз жырылса ол ерлерде білінбеуі мүмкін. Ал әйел затына ол әдемі көрінбейді. Бокс - ерлердің спорты, ал әйелдер басқа нәрсені таңдағаны жөн деп санаймын. 

- Рингте шлемсіз шығуға болады ма? 

-Қалай болғанда да, кемшіліктер бар. Бокс шлем кигенде қарсыласыңды бағдарлау қиынырақ болады. Ал шлеммсіз әлдеқайда ыңғайлы, бірақ қауіпі де жоқ емес.

 - Спорт пен оқуды қатар алып жүру қиындық тудырмай ма?

- Мен әрқашан өзімді спорт жағынан да, білім жағынан да үлгеріп, өзімді дамытуға тырысып келемін. Бұл тұрғыда ұстаздарыма қолдау көрсетіп, түсіністік танытқандары үшін зор алғыс білдіремін. 

- Сіз спортпен тікелей байланысты білім беру бағдарламасын таңдадыңыз. Болашақта бапкерлікке ауысу жоспарыңызда бар ма?

 -Мен спортқа көп нәрсе бергім келеді, үлкен аренаны, боксты көргім келеді. Егер сіз бапкерлікке ауыссаңыз, мұны белгілі бір уақыттан кейін нәтиже беретін спортшыны тәрбиелеуге уақыт бөлу үшін жас кезінде жасау керек. Сонымен қатар, коучинг өте мұқият және үлкен шыдамдылықты талап етеді. Бәрі бірдей бапкер бола алмайды. Спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін, өзімнің спортзалымды ашқым келеді. Балалардын үнемі интернетте отырағандарын қаламаймын. Оларда спортпен айналысқандарын дұрыс деп білемін. Бәлкім бизнеспен айналысатын шығармын. Оны алдағы уақыт көрсетеді.

Боксссx

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1699 раз
Top