Челледж мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді ұлт жастарын ынталандыру.
Челледжді ұйымдастыру тәртібі:
Челледждің мемлекеттік ұйымдастырушысы Тараз қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болып табылады.
Байқауды өткізу туралы хабарландыру ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Байқауға қатысу тәртібі:
Челледжге мемлекеттік тілді жетік меңгерген Тараз қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.
Челледжге қатысушы белгілі ақын-жазушылардың өлеңін оқуы тиіс.
Челледжге қатысушы мемлекеттік тіл туралы өлең оқыған бейнероликті қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолдайды, бейнеролик әлеуметтік желілерде #ТаразқаласыҚазақтіліғажаптіл хэштегі бойынша жарияланады.
Қорытынды ереже:
Челледждің қорытындысы (әлеуметтік желідегі қаралым бойынша анықталады) әр тоқсан сайын шығарылып, жеңімпаздар бөлім тарапынан марапатталып отыратын болады.
Байланыс телефондары: 34-93-57,34-69-01