Дулати университетінің аналар кеңесінің мүшелері А.М. Жантаева, И.Т. Айнабекова, А. О. Жанпейсованың ұйымдастыруымен облыстық жасөспірімдер үйінде «Қыз тәрбиесі- қоғам тәрбиесі» атты іс -шара өтті.
Қыздарымыздың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру. Өзіндік адамгершілік құндылықтарын қыздардың бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту тәрбиенің маңыздылығында.
Бұл іс -шараға облыстық жасөспірімдер орталығының барлық қыздары мен тәрбиешілері, психолог мамандары қатысты. Дулати университетінің аналар кеңесінің мүшелері қыздарға «Қыз еркем – анасымен көркем» атты ақыл -кеңестерін беріп, қыздардың жан- жақты қойған сауалдарына мамандар жауап берді.
Кездесу соңында қыздарға бейнероликтер көрсетіліп,ойындар ойнатылып, оларға сый -сыйапаттар тарту етілді.
Медиа-қызмет