М.Ф. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында Ted-X форматында «ӨЗІҢНЕН БАСТА» тақырыбында конференция өтті.
Онлайн және офлайн өткен бұл іс-шараға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрағасы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ерұлан Сәбенұлы , Sanaly urpaq жобалық фронт-офисінің бас маманы, "Азаматтық құқық және процесс" кафедрасының аға оқытушысы Асқар Жақсылықұлы және Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенті Ақниет Баянбек қатысты.
Аталмыш конференцияға келген спикерлер «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» және «Саналы адам деген кім?» тақырыбында пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында студенттер білімді, адал әрі бастамашыл болып қалыптасу үшін осы бағыттағы конференция жалғасын тапса деген тілек-ниеттер айтылды.
Медиа-қызмет