М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде "Маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімі" мен "Современное образование" журналы редакциясының ұйымдастыруымен республикалық форум өтті.
Іс-шараның мақсаты - мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар жұмысын жүргізу.
Форумға облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарынан 3000-ға жуық мектеп бітіруші түлек пен ата-аналар қатысты.
Жиында бітіруші түлектердің болашақ мамандығы мен оқу орнын неғұрлым саналы түрде таңдауына ықпал ететін ақпараттарды оқушылар мен ата-аналарына жіті түсіндірілді. Сондай-ақ университетіміздің білім беру бағдарламалары мен оқуға қабылдау шарттары айтылды.
Жиын соңында оқушылар мен ата-аналардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.
Медиа-қызмет