ПАРАЛИМПИАДАШЫЛАРЫМЫЗ ДУБАЙДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!

Дулати Университетінің студенттері Салтанат Әбілқасымқызы мен Анастасия Яковлева жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшелері.

Дубайдағы Дүниежүзілік «Fazza» Гран-при 2021 – пандемия басталғалы бері пара жеңіл атлетикадан өткен алғашқы әлемдік жарыс. Оған 52 елден 471 спортшы қатысты. Турнир 2021 жылы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу мақсатында өткізілді.  ҚР құрама командасына біздің университеттің студенттері жеңіл атлетика жарыстарына қатысты. «Дене шынықтыру кафедрасы-18-11» мамандығының 3-курс студенті Салтанат Әбілқасымқызы 100 м қашықтықта алтын медаль, 200 м қашықтықта күміс медаль иегері болды. Салтанат, әлемдегі ең мықты 10 спортшының қатарына енді. «Дене шынықтыру кафедрасы-20-4» мамандығының 1-курс студенті Яковлева Анастасия 100 м және 200 м қашықтықта қола жүлдегер атанды.

Спортшыларды пара жеңіл атлетикадан ҚР бас жаттықтырушысы, жеңіл атлетикадан халықаралық спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, «Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Тахир Мамашаев дайындады. Жеңімпаздарымыз Олимпиадаға лицензия алып, жерлесіміз Зульфия Габидуллина сияқты жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз.

олипия1

 

Болат Копбаев

«Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы

 

Прочитано 1152 раз
Top