ЖАМБЫЛДЫ ЖЫРЛАЙМЫЗ

Атағы Алатаудан асып, Атырау мен Алтай, Арқа мен Жетісу жеріне жеткен ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл – 175 жыл.

Осы орайда «Филология және журналистика» кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталығы Көркем әдебиет секторының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Жамбылды жырлаймыз» атты студенттер арасындағы онлайн айтыста топ жарып шыққан студенттеріміз бақ сынады. «Менің пірім Сүйінбай» деп жырлаған Жамбыл ақынды пір тұтқан Шапағат Әбдірұлы мен Саламат Осалыұлы сөз маржанын тізбектеп аламан айтыс көрсетті.

Университет музейінде өткізілген сайыста Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Айсұлу Тұрарқызы студенттермен кездесті.

Айтыс өнері заман  ағымына  ілесіп жасап келе жатқан қазақтың асыл мұрасы екені анық. Сөз құдыретін түсініп, ойлы да қағытпа қалжыңдарын ортаға салған біздің азаматтарымыз, сахнада айтысқанмен өмірде айтыспайық деп аяқтады.

Өнер көрсеткен қатысушыларымызды Кітапханалық-ақпараттық орталығыныңның атынан Көркем әдебиет секторының жетекшісі Нұргүл Сапарғалиқызы «Жамбыл феномені» естеліктер мен ғылыми-зерттеу мақалалары жинақталған кітаппен марапаттады. Сөз соңында ф.ғ.к, доцент Балзия Баешова студенттерге алғысын айтты.

Dайтыыс12128

 

 

DSC 0199

Медиа-қызмет

Прочитано 1341 раз
Top