РОБОТОТЕХНИКА БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Дулати университеті «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен «Робототехниканың даму динамикасы және болашағы» тақырыбында онлайн дәріс өтті.

Аталмыш онлайн дәріске Алматы технологиялық университетінің, Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Жұмахан Нұржан Бейбітұлы қатысты. Дәріс барысында робототехниканың пайда болуынан бастап, бүгінге дейін анализ жасалды. Қазіргі таңдағы өнеркәсіптегі роботтардың кинематикасы мен динамикасы, құрылым қызметтері толық қарастырылған. Сонымен қатар роботтар және робототехникалық жүйелер мамандығы жайлы толық мәліметтер берілді.

Студенттердің робототехникаға қызығушылығы мен студенттік робототехника олимпиадалардағы жобалары жайлы да сөз қозғалды. Білімгерлерге робототехника мен робототехникалық жүйелер, мехатроника және жасанды интелект бағыттары бойынша қосымша білім алу үшін пайдалы сілтемелер берілді.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Медиа-қызмет

Прочитано 1159 раз
Top