Дулати университетінің студенті Ерболат Кәрібай - пауэрлифтингтен әлем кубогын жеңіп алып, халықаралық спорт шебері нормативін орындады.
Манчестердегі Пара Пауэрлифтингтен Дүниежүзілік Кубок 2021 жылдың 25 мен 28 наурызы аралығында – өтті. Бұл Токиода (Жапония) өтетін XVI жазғы Паралимпиадалық ойындарға іріктеу сайысы. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар күш сынасады.
Қатысушылар арасында Дулати Университетінің « Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 2-курс студенті Ерболат Кәрібай бар.
Ол «Жастар» жас санатында өнер көрсетті (49 келіге дейін). Нәтижесінде Ерболат әлем чемпионатында жеңіске жетіп, халықаралық спорт шебері нормативін орындады. Қазіргі уақытта ол әлі Манчестерде, бірақ біз оның жаттықтырушысы, ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Греевпен байланыста болдық. Ол шәкіртінің күресі мен жетістіктері туралы қуана айтты:
- Бұл биылғы Олимпиада жылындағы бірінші жеңіс. 25 елден 180-нен астам спортшы қатысты. Біздің команданың құрамында жеті спортшы бар: үш жасөспірім және төрт ересек. Ерболат Кәрібай бірінші күні өнер көрсетіп, өзінің салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын басып озды. Ол 110 келілі алып алтын алды. Халықаралық спорт шебері нормативін орындау кезінде Ерболат 105 келіні көтерді. Сонымен, біздің командада бір алтын бар! Ендігі кезекте қалған қатысушылардың өнерлерін көретін боламыз.
Медиа-қызмет