ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттердің халықаралық онлайн ғылыми- тәжірибелік конференциясының жабылу салтанаты өтті.

Алғашқы сөзді алған университет ректоры м.а Ержан Әмірбекұлы ғылым күніне тұспа-тұс келгенін конференция қатысушыларына Дулати университеті атынан алғысын білдірді. Жастардың ғылым саласына қосқан үлесі университет үшін үлкен мәртебе екенін айтты.

Одан әрі Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры м.а., ф-м.ғ.к., профессор Нұрзада Бейсен ғылыми- тәжірбиелік конференциясына белсене қатысып, маңызды және сапалы баяндамалар жасағаны үшін алыс жақын шетел және ҚР жоғары оқу орындарының студенттерін марапаттады.

Бірінші дәрежелі дипломмен Ивн Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің студенті Лазари Османов, Шадрин мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Сырвачева Анна, Шығыс-Сібір мемлекеттік технологиялар және басқару университетінің студенттері Григорьев Антон, Майнагашев Кирилл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Орызымбет Алтынай және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен Түзелбек Ажар, Қызылбек Мадина, Қуандыр Әкежан т.б марапатталды.

Екінші дәрежелі дипломмен Белорусь Республикасы, Баранович мемлекеттік университетін студенті Комкова Валерия, Шадрин мемлекеттік педагогикалық университетінен Колясникова Ирина иеленді.  Үшінші дәрежелі дипломмен Дулати университетінің жас ғалымдары марапатталды.

Сонымен қатар университет студенттеріне ғылыми-техникалық шығармашылықтарында қол жеткен табыстары үшін «студент-зерттеуші» куәлігі берілді.

Жиынды қорытындылаған Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры м.а., ф-м.ғ.к., профессор Нұрзада Бейсен аталған   конференцияның маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, қатысушы қонақтарға алғысын айтты.

iкон3exконф2x

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1304 раз
Top