ҚАЗІРГІ МЕДИАКЕҢІСТІК: ЖУРНАЛИСТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Тақырыбы: «Қазіргі медиакеңістік: журналист және қоғам»
Спикер: «JAMBYL» телеарнасының директорының орынбасары-бас редактор – ҚАЗЫБАЕВ АЛПАМЫС ШӘМЕНҰЛЫ

Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы – Дулати университетінің түлегі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті, өзінің қызмет жолын телеарна саласында бастап, журналистикамен байланыстырған. Бүгінгі таңда «JAMBYL» телеарнасының директорының орынбасары-бас редактор. Жаңашыл, өзіндік азаматтық ұстанымы бар, патриот, өз кәсібінің маманы, телеарна саласына қызығатын жас журналистерге тәлімгер.
Мерзімі: 22.04.2021ж., сағат: 15.00
Мекенжай: Сүлейменов көшесі, 7А, №1 оқу залы
Мақсатты аудитория: білім алушылар, журналистика саласына қызығушылар
Ұйымдастырушылар: «Филология және журналистика» кафедрасы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

«Төртінші билік» деп аталатын журналистика, соның ішінде телеарна саласы қазіргі таңда қоғамдық сананың дамуына ерекше әсер ететін күшке ие. Себебі оқу дағдысына қарағанда, көру дағдысы адамның санасына тез әсер етеді. «Ел болам десең, көгілдір экраныңды түзе» деген заманауи мақалда осыған байланысты пайда болса керек. Жалпы отандық теле-радио - тек ақпарат таратушы ғана емес, қоғамның рухани сұранысын қанағаттандыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін үлкен сала.
Құрметті білім алушылар, достар!
Егер қазіргі медиакеңістіктегі журналист пен оның қоғамдағы орны, ролі, келбеті, сондай-ақ телеарнаның қыр-сыры туралы өз ойыңызды ортаға салам десеңіз, жаңа ақпарат алғыңыз келсе, бай бейсенбідегі ашық диалогқа келіңіз!

Прочитано 1744 раз
Top