АШЫҚ АЛАҢ – ЕРКІН ОЙ

Дулати университетінде   «Филология және журналистика» кафедрасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен ГӘҒФ кешенінің №1 оқу залында «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары бас-редактор Алпамыс Қазыбаевпен «Қазіргі медиакеңістік: журналист және қоғам» тақырыбында ашық диалог өтті.

Жиынға   факультет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – телеарна саласына қызығатын болашақ журналистерге өз ісінің кәсіби маманының салмақты ойлары арқылы мамандықтың қызығы мен қиындығынан хабардар ету. Маман болып қалыптасудың қыр-сырына қанықтыру.

«Төртінші билік» деп аталатын журналистика, соның ішінде телеарна саласы қазіргі таңда қоғамдық сананың дамуына ерекше әсер ететін күшке ие. Себебі оқу дағдысына қарағанда, көру дағдысы адамның санасына тез әсер етеді. «Ел болам десең, көгілдір экраныңды түзе» деген заманауи мақалда осыған байланысты пайда болса керек. Жалпы отандық телерадио тек ақпарат таратушы ғана емес, қоғамның рухани сұранысын қанағаттандыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін үлкен сала.

Ашық диалог аланыңда «Журналист – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала...» деген Алпамыс Шәменұлы саланың сан қырымен таныстырып, бұл мамандықта салмақты сөзден бөлек дәлел мен дәйектің қаншалықты маңызды екендігін әңгімесіне арқау етті. Технология дамыған заманда журналистер де жан-жақты дамып, білікті, білімді маман болуы қажет екенін айтты. Сонымен бірге 18 жылдық жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, басынан өткен қызықты естеліктерін де еске алды.

Жиын соңында факультет деканы Айсұлу Тұрарова өз пікірін білдіріп, кеш қонақтары мен студенттерге алғысын білдірді. https://youtu.be/KSnTbmuystQ

Алпамыссыxалпамысссx

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1565 раз
Top