ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛУ ҮШІН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ӨЗДЕРІНЕ ҚАЖЕТТІ САНАТТАРЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚҰЖАТТАРЫН САЛУ КЕРЕК.

 №

Санаты

Қажетті құжаттар

1.       

Даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектер мен бала кезінен мүгедек білім алушылар

Жеке куәлік көшірмесі, білім алушының мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі

2.       

Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуінің мүгедектігі туралы анықтама

3.       

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, соттың шешімі /егер ата-ана бала тәрбиесінен бас тартқан жағдайда, әкімшілік шешімінің көшірмесі

4.       

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толғанға дейінгі білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі

5.       

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша растау құжаты

6.   

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандастар қатарындағы білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандас туралы растау құжаты

7.     

"Алтын белгі" белгісі бар бірінші курсқа қабылданған білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары

8.

Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар ұйымды үздік бітірген талапкерлер)

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары

9.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің, пәндер бойынша немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балы бар білім алушылар;

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары

10.

Оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс оқушылары қатарынан оқитын білім алушылар

Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары

11.

Шетел азаматтары

Білім алушының паспортының көшірмесі

12.

Шалғай ауданнан келген білім алушылар

Студенттің жеке куәлік көшірмесі, анықтама e.gov.

Прочитано 1421 раз
Top