БОКСШЫМЫЗ ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысы Фанат Кахромоновпен шаршы алаңда сынға түсті. Өзінің тынымсыз дайындығының нәтижесінде қарсыласынан 5:0 есебімен басым болды. 
 
Алғашқы раундта өзбек боксшысы басым болғанмен, Әбілхан соңғы екі раундты толық өз бақылауына алып, Фанатты жарыс жолынан шығарды. Тіпті, екінші раундта біздің былғары қолғап шеберіміз қарсыласын нокдаунға түсірді.
 
Енді 1 - тамыз күні өтетін ширек финалда Аманқұл Бразилия боксшысы Эберт Консейсанмен кездеседі.
 
Сондай-ақ бүгін бар қазақтың мақтанышы болған Әбілхан Аманқұлдың туған күні. Спорттағы жемісті жеңісімен құттықтай отырып, былғары қолғап шеберіне зор денсаулық, толағай табыстар және алдағы сайыс күндеріне жеңіс тілейміз.
Медиа-қызмет
Прочитано 1184 раз
Top