ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДЫЛЫҚ ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС

              «М.Х. Дулати атындағы Тараз өнірлік университеті» КЕ АҚ 

Қаратау тау - кен технологиялық колледжі

оқытушылық құрамының бос лауазымдылық орындарына конкурс жариялайды:

 

Лауазымы

 

Пән (мамандық) атауы

Жылдық сағат саны

оқытушы

Орыс тілі және әдебиеті

320

оқытушы

Қазақ тілі және әдебиеті

276

оқытушы

Ағылшын тілі

309

оқытушы

Тарих және қоғамдық пәндер

671

оқытушы

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық

180

оқытушы

Дене тәрбиесі

932

оқытушы

Математика

334

оқытушы

Физика

282

оқытушы

Техникалық механика негіздері

346

оқытушы

Информатика, электротехника және электроника  негіздері

409

оқытушы

Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері

280

оқытушы

Экономика және өндірісті басқару

272

оқытушы

Химиялық технология және өндіріс мамандығы бойынша

1931

оқытушы

Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу мамандығы бойынша

711

оқытушы

Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) мамандығы бойынша

628

оқытушы

Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету мамандығы бойынша

847

 

Барлығы:

8728

Колледж  оқытушысының біліктілігіне қойылатын талаптар:

- колледждің  базалық біліміне сәйкес келетін жоғары (специалист) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (ғылыми - педагогикалық магистратура);

- мамандығы бойынша өндірістік немесе ғылыми - педагогикалық өтілі                   1 жылдан кем емес;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің транскрипті бойынша GPA 3,0 кем болмауы;

- ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы базалық білімді пайдаланушы деңгейінде меңгеруі;

- білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу;

- педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының болуы.

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы - ректорының атына жазылған өтініш;
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (конкурсқа басқа техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымдарынан қатысатын тұлғалар үшін);
  • өмірбаян (конкурсқа басқа ТжКББ ұйымдарынан қатысатын тұлғалар үшін);
  • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері (конкурсқа басқа ТжКББ ұйымдарынан қатысатын тұлғалар үшін);
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
  • денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша (конкурсқа басқа ТжКББ ұйымдарынан қатысатын тұлғалар үшін);
  • соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.04.2015 жылғы № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 
  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.04.2015 жылғы № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  • Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне  қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай - ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

         Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап                   10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс (2021 жылдың 25 тамызына дейін).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар келесі мекен - жай бойынша қабылданады: Қаратау қаласы, Т. Рысқұлов көшесі № 12,  2 - қабат, № 209 бөлме (бас корпус), персоналды басқару қызметінің инспекторы немесе электронды нұсқада келесі  электронды пошта бойынша Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қаратау тау - кен технологиялық колледжі.

 тел. 8-(7262 44)-6-12-50, 8-(7262 44)-6-12-12, 

ұялы тел. +7 777 466 15 18,  +7 707 876 87 26.

(Конкурстың өтетін күні қосымша хабарланады)

 

Прочитано 1470 раз
Top