Дулати университетінің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарын 916 студент иеленді.
Қазақстанда мемлекеттік гранттар республикалық комиссияның қорытынды отырысының шешімі бойынша анықталды. ҚР БҒМ сайтының деректері бойынша ағымдағы жылы олардың жалпы саны 56 мыңға дейін өсті.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған болатын. Үміткерлер арасында 8 мыңнан астам "Алтын белгі" иегерлері, 800-ден астам халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ 520 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар. Ұпайлар тең болған жағдайда, олар басым құқыққа ие болды. Бірінші ретте гранттық квота әлеуметтік осал топтағы балалар санаттарына берілді.
Сұранысқа ие бағыттардың алдыңғы қатарында "Білім беру", "Денсаулық сақтау", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Құқық", "Дизайн", "Менеджмент" салалары бар.
Барлық грант иегерлері ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25-тамызға дейін тапсыруы тиіс.
МЕДИА ҚЫЗМЕТ