ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер, студент жастар!

Сіздерді еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Көненің көздерінен бастауын алған Ата Заңымыз мемлекеттігіміздің тұғыры, халық бірлігінің ұйытқысы, жеріміздің саяси қалқаны, егемендігіміздің кепілі десек еш артық айтқандық емес.

Өкінішке орай, еліміздегі пандемиялық ахуалға және Байзақ ауданындағы қайғылы оқиғаға байланысты Конституция күнін кең ауқымда атап өту мүмкіндігі болмай тұр. Десек те, жер бетінде тыныштық орнайтын күндердің алыс емес екеніне үлкен сеніммен қараймыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойымен құттықтай отырып,  әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Көк туымыз көк аспанда желбіреп, Әнұранымыз шырқала берсін! Ата Заңымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен, Дулати Университетінің
Басқарма Төрағасы-Ректоры
Талғат Ешенқұлов

Прочитано 1149 раз
Top