Университет ректоры Т.Ешенқұлов вице-министрге университеттің қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары, ғылыми жобалар, инфрақұрылымдық өзгерістер туралы жалпы мәлімет берді.
Қуаныш Асылханұлы Дулати Университетінің оқу кешендерін аралап, оқу-зертханалық базасымен танысты. Университет ғалымдарының тамақ өнеркәсібі, химия және құрылыс материалдары саласындағы ғылыми жобалары келген қонағымыздың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сапар барысында жатақхана студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Жастар вице-министрге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
Кездесу соңында вице-министр жаңадан салынып жатқан 500 орындық жатақхана құрылысының жұмыстарымен танысты.
Медиа-қызмет