«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Талғат Ешенқұлов "Жомарт жүрек" сыйлығының облыстық кезеңдегі номинация жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысты.

Айта кетейік, «Жомарт жүрек» сыйлығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен елімізде қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жанашыр жандарды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған. Аталған сыйлық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төрт жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Жомарт жүрек» жобасы біздің өңірімізде де табысты жүзеге асып келеді. Қамқорлықты қажет ететін отбасыларға өңірдегі демеушілеріміз, кәсіпкерлеріміз үнемі қайырымдылық танытып отыр.

Жобаның басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал жамбылдықтардың туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен, бүгінгі "Жомарт жүрек" сыйлығының облыстық кезеңдегі номинация жеңімпаздары:

«Туған өлке» - Куатбеков Еркінбек (Талас ауданы Майтөбе ауылына кіші футбол алаңшасын (қаражат сомасы 18 млн. теңге) және Street workout (қаражат сомасы 1,2 млн. теңге) соғып берген);

«Жылдың үздік қамқоршысы» - Мүтәлі Әбутәліп (ағымдағы жылы М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебіне құны 12 млн. теңгені құрайтын «STEM» лабораториясын сыйға тартқан);

«Жыл тұлғасы» - Әбітаева Ғалия Әділқызы (ағымдағы жылы 30 жылға жуық баспанасыз жүрген, төрт ұлынан айырылған қос қарияға және оның екі жетім немересіне үй алып беру мақсатында кайырымдылық акция ұйымдастырып, баспаналы болуға атсалысқан. Ғалия Әділқызы індетке байланысты карантин талаптары мен тәртіптерін орнықты орындауға шақырған және вакцина салулары үшін, мыңдаған дәріптеу, насихаттау, үндеу жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың вакцина қабылдауына себепкер, негіз бола білген. Медициналық және шаруашылық заттар алу үшін тұрғындарға өзіндік үндеу тастап, 60 млн теңгеден астам қаржы жинауға ықпал етіп, аудандағы емхана және ауруханаларды жабдықтауға мол үлесін қосқан жан);

«Жыл меценаты» - Тургумбаев Талғат Ералыұлы (аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 109 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берген. Оның ішінде заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған реанимобиль (Автомобиль ГАЗ NEXT 733 AR 08), 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын қорғаныс құралдарын (5000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5000 дана бір рет және көп рет қолданылатын арнайы қорғаныс костюмдері, бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар) және 10 дана оттегі концентраторлары бар);

«Жылдың үздік ұйымы» - «Жамбыл облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (ағымдағы жылы Байзақ ауданының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін 500 мың теңгеден астам қаражат жиналды, оған Қайнар ауылындағы 19 отбасына азық -түлік сатып алынды. Балаларды қорғау мерекесіне қаланың қоғамдық бірлестіктерінен 110 балаға (мүгедек балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата -аналарға) жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеге сыйлықтар алып берген.

 

Прочитано 1256 раз
Top