ТАҒЫЛЫМДЫ ОРТАЛЫҚТАҒЫ СЫР-СҰХБАТ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі  және бастауыш білім беру» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ –ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» атты сыр-сұхбат жақында ғана бой көтерген «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында өтті. Тағылымы мол кездесуде аталмыш мекеменің директоры, Тараз қалалық маслихаттың депутаты Эльмира Мырза-Ғали Инаятқызы қыз баланы болашақ отбасылық өмірге даярлайтын мәні мен мазмұны терең Мирас, Сырғалым, Береке, Алқа,  Қызғалдақ, Сырласу, Шешендік өнер, Қазына, Қаламгер атты арнайы жабдықталған бөлмелердің қызметімен таныстырды. 

Атына заты сай мекеменің ұлттық нақышқа сай безенділуі, әр бағыттың мақсаты мен атқарылып жатқан іс-шаралар ауқымы барлық қатысушыларды тәнті етті. Қазақ халқының бір тура азаматтарын өмірге әкелген  ұлы аналарымыздың бейнелері, нәзік жанды қоғам қайраткерлері мен аты тарихта алтын әріппен жазылған Жамбыл өңірінің әйел азаматтары туралы қомақты мәліметтер қоры - мекеме басшысы мен қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің дәлелі.

2

«Ер баланы тәрбиелесең бір адамды тәрбиелейсің, қызды тәрбиелесең ұлтты тәрбиелейсің» деп қазақ халқымыз бекерден-бекер айтпаған. Олай болса, Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы. 

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді мінезімен дей отыра әрбір қазақ қызына тән имандылық, ұяңдық, биязылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі, салт-дәстүрімізді дәріптейтін қасиеттерін осы «Анаға тағзым» орталығына келіп шыңдауға, дамытуға болатығын мемеке есігін аттаған әрбір студент мойындап шықты. 

Біздің болашағымыз жас ұрпақтың қолында, сол жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп,  рухани азықпен сусындататын «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және  «Мектепке біздің болашақ дейінгі оқыту және тәрбиелеу тәрбиелеу мамандарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша болашақ педагогтар-студенттер рухани мол азық алды. Игі бастама болашақта әр түрлі формада ПОҚ-мен және болашақ ұстаздармен жалғасын табады.

З.Қашқынбаева, Ж.Н.Күмісбекова
Дулати Университеті
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру»
кафедрасының оқытушылары

Прочитано 1177 раз
Top