ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАРАТЭ-ДО ШОТОКАННАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер арасында Каратэ-до Шотоканнан облыс біріншілігі өтті.

Аталмыш жарысты Жамбыл облысының Каратэ-до Шотокан федерациясының ұйымдастыруымен және Дулати университетінің қолдауымен өткізілді. Жарысқа облысымыздың 150 ден астам жас спортшыларымыз өз шеберліктерін тексеріп бақ сынады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректор Талғат Ильясұлы Ешенқұловтың Жамбыл облысы Каратэ-до Шотокан федерациясының құрметті президенті лауазымындағы алғашқы жарысы жоғары деңгейде өтті.

 
 

 

Сонымен қатар, университет қабырғасында ұйымдастыру жұмыстарын "Сұңқар" спорт клубы мен "Дене шынықтыру мен спорт теориясы" кафедрасының тікелей ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Каратэ-до Шотокан федерациясын төрағалық еткен, Каратэ-додан Қазақстан Республикасының спорт шебері Махамбетов Еріктің басқаруымен Иргашев Алишер, Жексенбаева Қасиет, Джумамуратов Нұрлан, Кетебаев Мырзабек, Сайлауов Абылайхан, Кетебаев Қайырамбек атты студенттеріміз облыс деңгейіндегі жарыста төрешілік жұмыстарын шеберлікпен атқарды.

 
 

 

Облысымызда салауатты өмір салтын насихаттау мен дамыту мақсатында Дулати университеті өз үлесін айқын көрсетіп келеді. Спорт саласын жан-жақты дамыту бойынша алға қойған мақсатқа жетуге бастаған қадам жеңісті болсын деген ниеттеміз. Болашақта спортшылардан үмітіз зор, сеніміміз мол!

Прочитано 1426 раз
Top