ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ҮШІН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ

2021 жылдың 2-5 қараша аралығы Дулати университетінде Орталық Азиядағы жерасты суларының тұрақты дамуы үшін институционалдық әлеуетті дамыту бойынша ауқымды семинар өтті. 

Семинарға Дулати университетінің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет, Линкольн, Небраска университеті Табиғи ресурстар мектебі және су орталығы, Роберт Б. Догерти су институты, м.ғ.д., зертхана директоры және профессор Дэниел Д. Сноу, «Догерти азық-түлігіне арналған су» жаһандық институтының профессоры, Биологиялық жүйелер инженериясы кафедрасы, PhD, зерттеу директоры және профессор Кристофер Нил, философия докторы, профессор-зерттеуші Жанай Сағын, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі академиясының академигі, «Су ресустары» кафедрасының профессоры Сейітхан Қойбақов.

DSC 6094

Қатысушылардың пікірінше, Орталық Азиядағы тұщы су біркелкі таралмаған және оған тарихи ауылшаруашылық өндірісі қатты әсер еткен. Осыған қарамастан, ауыл шаруашылығы Орталық Азия елдері азаматтарының едәуір бөлігі үшін өмір салты болып табылады.

Аталған семинар Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жерасты суларының ресурстарын тұрақты дамыту әлеуетін арттыруға көмектесу үшін сарапшылардың басын қосып, спикерлер өз пікірлерін білдірді.  

DSC 6131

Дулати университетінің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбеттің айтуынша, адамзаттың ең бірінші мәселесі ол - су. Яғни, судың азаюы. Осы себепті біздің университетімізде сонау Небраска штатынан профессорлар келіп, үлкен семинар өткізіп жатыр. Бұл семинарда су, жерасты суларын өндіру және пайдалану мәселесі қозғалуда. Осы салада Орталық Азия елдерінің қатысуымен ортақ шешімге келіп, ғылыми тұрғыдан үлкен жұмыс жасалады деген сенімдеміз.

Дэниел Сноу:

Небраска университетінің су ғылыми зертханасының директорымын. Небраска су орталығының бөлігі және тағамға арналған су жаһандық институты. Біз Орталық  Азиядағы жерасты суларының тұрақтылығы туралы айту мақсатында АҚШ-тың Америкалық кеңестері, UniCEN бағдарламасы қаржыландыратын жоба аясында Таразға келдік.  Бүгін Орталық Азиядағы жерасты суларын басқаруды қалай жақсартуға болатынын түсіну үшін сарапшылар мен ғалымдардың басқосуын ұйымдастырдық.  

Жанай Сағын:

Бүгін бізде өте маңызды іс-шара. Яғни, АҚШ пен Қазақстан арасындағы су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастыққа атсалысып отырмыз. Негізгі бағыт – жерасты сулары. Жерасты сулары Қазақстан үшін өте өзекті. Біз Америка консулының қолдауымен жобаларды дайындау үстіндеміз. Бұл ынтымақтастыққа бірнеше университет қатысып отыр. Соның ішінде, Дулати, Небраска және Назарбаев университеті. Ал университет-колледж-мектептердің  (жоғары сыныптар) байланысы үшін тиімді бағдарламалар дайындаймыз деп сенеміз. Бұл тізбек Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдаланудың тұрақты дамуына ықпал етеді. 

Сейтхан Қойбақов:

Дулати университетінде ауқымды халықаралық семинар өтуде. Бұл шараға гранттық ғылыми жоба шеңберінде Америкалық 3 профессор келіп қатысуда. Әріптестерімізбен екі университет арасында академиялық ұтқырлық аясында қосдипломды білім беру жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Сонымен қатар, профессор-оқытушылардың тәжірибе алмасуы бойынша мәселелер қарастырылды.

DSC 6121

Прочитано 1040 раз
Top