ҚР БжҒМ республикалық бюджет есебінен жоғары білім беру ұйымдарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша университетке Браганса политехникалық институтының (Португалия) ғалымдары Санчес де Кастро Лопес Руи Педро және Мескита Гомез Кристина Мария шақырылды.
Аталған ғалымдардың келу мақсаты дәріс оқу, ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми іс-шараларға қатысу. Шетелдік ғалымдар бірлескен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.