ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Шет тілдерін оқытудағы технологияларды меңгеру семинары аясында оқыту құзыреттілігінде қажет етілетін әдіс-тәсілдер талқыланды. Соның ішінде ағылшын тілін оқытуда студенттерге, сондай-ақ оқытушылар үшін де маңызды рөл атқаратын тыңдалым және жазылым дағдыларына аса мән берілді.

«Әлем тілдері» кафедрасы оқытушылары өз алдына жеке тәжірибелерімен бөлісті. Португалиялық ғалым Кристина Мескита оқытудағы басты алғышарттарды атап өтіп, тыңдалым және жазылым дағдыларын қолданудың тиімді тұстарын көрсетті. Яғни, әр дағдыға жіті мән беріліп, олардың ішінде ең маңызды тұстары назарға алынды.

3

Алтын діңгек боп саналатын білім жүйесі, күрделі әрі әрқашан дамып отыруды талап ететін процесс болғандықтан, бұл семинардың пайдасы өте зор болды. Семинар аясында Scopus журналында ғылыми мақала жариялау жолдары қарастырылды «Әлем тілдері» кафедрасы ПОҚ-на 72 сағаттық семинар соңында Кристина Мескита тарапынан сертификат берілді.

4

Прочитано 1077 раз
Top