ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2021 жылы 9 желтоқсанда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 6D060600 – Химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну бойынша диссертациялық кеңесте Шораева Камшат Абитхановнаның «Этанды этиленге тотықтыра дегидрлеу үшін бағаналы сазбалшық негізінде молибденқұрамды катализаторлар дайындау» тақырыбында докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.

Ғылыми кеңесшілері: химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна; Г.К.Боресков атындағы катализ институтының профессоры, х.ғ.д. «Толық тотығу катализаторлары» зертханасының меңгерушісі, Садыков Владислав Александрович.

Келешекте шығармашылық табыс, жаңа бастамаларыңыздың, жоспарларыңыздың одан әрі жүзеге асырылуына тілектеспіз!

Дулати университетінің ұжымы

Прочитано 1156 раз
Top