Небраска университеті (АҚШ) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесіп ұсынылған «Аmerican Councils for International Education Kazakhstan Universities Partnerships funding» бағдарламасы бойынша «Science with a Purpose: Improving Environmental Science Capacity in Kazakhstani Universities» халықаралық ғылыми жоба 2021-2022 жылдарға 38000$ көлемінде грант жеңіп алынды. Жоба орындаушылары: х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сеитовна.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
- Қазақстан университеттерінде, әсіресе, STEM салаларында оқу бағдарламаларын жаңғырту және оқыту әлеуетін арттыру, жаңартылатын энергия, қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу;
- Қазақстандық және АҚШ университеттерінде STEM салаларында, әсіресе жаңартылатын энергия саласында ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру,қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу;
- АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлықты қолдау үшін институционалдық әлеуетті арттыру.
Басқарма Мүшесі - Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор