«ЕРКІНДІГІМ, ЕЛДІГІМ – ТӘУЕЛСІЗДІК!»

Дулати университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов арнайы қатысты.

Ректор Талғат Ешенқұлов Дулати университетінің профессорлық-оқытушы құрамын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, университет жетістіктерін атап өтті. Егемендік алғалы еліміздің өркендеуі жолында ғалымдар да аянбай атсалысып келе жатқанын жеткізді:

Құрметті әріптестер!

Биыл ата-бабамыздың сан ғасырлық аңсаған арманы болған, азаттықтың ақ таңы атқан Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.

Біз өз бағытымызды бағамдап, рухани азық болар мұраларымызды ұрпағымызға беріп, әлемнің жеті кереметіндей өзімізді танытар Ұлы Даланың Жеті Қырын жаңғыртып, рухани мүдде жолында күресіп келеміз!

Құрметті ұжым! Баршаңызды тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, саулық, бақыт пен шаттық тілеймін.

Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болғай!

- Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік киесін қастерлеп, мәртебемізді асқақтатқан азаттықтың қадірін бағалай білуге, сол арқылы ұлт пен тарих алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі тиіс. Біздің алдымызда Тәуелсіздік сыйлаған даңғыл жол жатыр. Сол жолда жаңа асуларды бағындыру міндеті тұр. Тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мақсатымыз,-деді, Дауыл Ынтықбайұлы.

2

Іс-шара аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, студенттерге білім беру мен ғылыми ізденістерді ұштастыра отырып, бойларына азаматтық және рухани құндылықтарды дарытуда аянбай еңбек етіп, ел тәуелсіздігінің жарқын  болашағының өркендеуіне  қомақты  үлестерін  қосқандары үшін «М.Х. Дулати» төсбелгісімен – 30 ұстаз марапатталды. Оның ішінде бойларында отаншылдық, намысшылдық, рухшылдық, ұлтжандылық, қайсарлық  қасиеттері бар, Егеменді ел болу үшін аянбай күрескен, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қызметкерлер бар. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» – 10, Білім және ғылым министрінің «Алғысымен» – 12, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ректорының Алғыс хатымен – 200, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен – 2, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен – 11, Жамбыл облысы маслихатының «Құрмет» грамотасымен – 3, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Алғыс хатымен – 22, ҚР ЖОО қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы орденімен – 1, Ахмет Байтұрсынов атындағы  алтын медалімен – 5, күміс медалімен – 1, «Жоғарғы білім беру саласының үздік оқытушысы» Құрметті атағы бойынша  – 1 ПОҚ мен қызметкерлері марапатталды.

4

5

6

Прочитано 1221 раз
Top