ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Елімізде орын алған оқыс оқиға жүрегімізге қатты батты. Бұл бұрын-соңды елімізде болмаған қасіретті күн. Бейбіт шерумен басталған бұл оқиғаның салдары дүмпуге ұласып, қаншама адам зардап шекті.

Алаңға шыққан адамдар мәселенің байыбын түсінбей жатып, ортаға іріткі салып жатқан бүлікші топтың өтірік сөздеріне иланды.

Елімізге төнген бұндай кесапаттың жолына тосқауыл болу мақсатында, тұрақтылығымыз сыналған мына бір шақта  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге төтенше жағдай енгізіп, халыққа үндеу жариялады. Тиісті шешімдерді қабылдап та жатыр.  Дегенмен әлі де болса коменданттық сағат режимін сақтамай жатқандар жетерлік. Сондықтан сабырға келіп, ессіз әрекеттерге бой алдырмаған жөн.

Елдің береке-бірлігін қашырып, Тәуелсіздігімізге қатер  төндіретін амалды еңсеру ауызбіршілігімізге байланысты. Мемлекеттің басты байлығы – татулық пен тұрақтылықты сақтау бәріміздің міндетіміз деп білемін.

Орынқыз Джолдасова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  "Ұстаз" институтының директоры

Прочитано 1034 раз
Top