ҰЛТТЫҚ СПОРТ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДӘРІПТЕЛДІ

Нағыз бұқаралық сипатқа ие ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылатын жарыс — салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық ойындарымызды дамытуға арналған студенттер арасында өткен бәсекенің түпкі мақсаты да осы болды.

Жарыста жастар асық ату, шекемтас, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ойындарда өзара бәсекеге түсті.
Инститтуттар мен факультеттерден құралған командылық 7 топтан жалпы 35 студент қатысып, «кім мықтыны» анықтады.
Ұлттық спортты студент жастардың арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жарыс нәтижесінде барлық командалық топтар жоғары деңгейде спорттық бабында екендіктерін көрсетті.

І, ІІ, ІІІ орын алған студенттерге дипломдар мен медальдар және ұлттық үлгіде жасалған тапсырылды. Сонымен қатар барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 15.37.31

WhatsApp Image 2022 02 14 at 15.37.311

 

Прочитано 957 раз
Top