ЖАСТАР ЖАТ ДІННІҢ АҒЫМЫНДА АДАСПАСЫН ДЕСЕК...

Жастар адаспасын десек, өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім, өнеге беруге тиіспіз. Білімге деген құштарлығын арттырып, өнер үйренуге баулу керекпіз. Тәрбиенің тиімдісі – үлкендердің көрсетер жақсы үлгісі.

Осы мақсатта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №1 студенттер үйінде Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі және облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы маманымен кездесу өткізді. Бұл қадам қоғамда ара-тұра көрініс тауып қалып жатқан діни-саяси экстремистік оқиғалардан жастардың бойын аулақ ұстауы үшін жасалып отыр.

Іс шара барысында облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі қоғамдағы жағдайлар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Ал облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушысы радикалды діни ағымдардың қауіптілігі жайлы әңгіме қозғады. Әлеуметтік желілерде тек Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты теологтарды оқып, тыңдауға шақырды. Сонымен қатар, күдікті діни парақшаларға тіркелмеу туралы айтып өтті.

Іс шара соңы сұрақ-жауаппен, тақырыпқа сай видео көрсетілумен аяқталды.

2

3

4

Прочитано 1010 раз
Top