МАУСЫМАШАРДЫҢ ҮЗДІК КОМАНДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Жайдарман» жарысы – талапшыл жастарды біріктіретін ортаға айналып келеді. Бұған әзіл айта жүріп, елге танылған жайдарманшылардың табысты жолы түрткі болғаны анық. «Жайдарман» - қазіргі таңда тек көңіл көтеретін жоба ғана емес, астарлы әзіл, қағытпа қалжың арқылы сын ойларды жеткізе алатын ерекше жобалардың бірі.

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулати Жайдарман» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен факультетаралық маусымашар ойыны өтті. Алғашқы «айналымдағы» ойынға «Бренд», «Сюрпрайз», «Позитив», «Люкс», «Сатбаев, 28», «Әдеби жігіттер», «8-пәтер», «Престиж» жалпы 8 команда қатысты.

Командалар жарысқа жоғары дайындықпен келген екен. Әзілқой жастар өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек ете білді.

2

Жақсы әзілдер әзірлеген командалардың ішінде маусымашардың «Ең үздік жайдарманшы» атағын «Ұстаз» институтының студенттері «Әдеби жігіттер» командасы жеңіп алды.

Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген бұл ойын өз көрермендерін сағынғанын анық байқауға болады. Карантиндік шектеулерге байланысты 2 жыл уақытша үзілістен кейін «Жайдарманның» жайдары ойындары қыза түспек. Алдағы уақытта барлық командаларға сәттілік тілейміз!

Медиа-қызмет

Прочитано 1018 раз
Top