Жаңғыру мен жаңарудың, татулық пен ынтымақтастықтың, ырыс пен молшылықтың белгісі болып саналатын Ұлыстың ұлы күнін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өнерлі жастары ерекше қарсы алды. Тоғыз күн аталып өтетін мерекенің төртінші күнін ән-күйге бөлеген «Өнер және спорт» кафедрасының студенттері арнайы концерт ұйымдастырды.
Бір атап өтетіні, бұл шарала ұлттық өнер көбірек ұлықталды. Концерттің шымылдығын кафедра оқытушысы, көркемдік жетекші Сәулебек Жантаев «Шыныаяқ» күйімен түрсе, жас ақындар Серікжан Нұрғали мен Мұқасан Қалдар жеңіл әзілмен сөз қағыстырып, жиылған жұртқа Наурыз жырын арнады.
Өнерпаздардың ұлттық киімдерімізді дәріптеп, сахнаның сәнін келтіргенін құба-құп көрді көрермен. Әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй ойнаған жастардың талабы қуантты. Жастар Ұлыс күнін келгенін паш етіп, шашу шашып, келгендерге Наурыз дәмнен татырды.