М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Жарғысына (18 бөлім, 23 тарауына) сәйкес, университеттің басқарма төрағасы-ректоры жыл сайын оқу орнының стратегиялық жоспары және даму жоспары бойынша басқару органдары мен жұртшылық алдында есеп беріп, кездесу өткізетіні белгілі.
Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұловтың жұртшылықпен кездесуін 21 қаңтар күні сағат 15.00-де Төле би көшесі №62 мекен-жайында орналасқан оқу корпусының АКТ залында өткізу жоспарланған.
Құрметті облыс тұрғындар!
Сіздерді толғандырған сұрақтар болса, кездесуге арнайы шақырамыз.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті