Дулати оқулары – халықаралық деңгейде

Дулати университеті ұйымдастыратын дәстүрлі халықаралық педагогикалық оқуларының ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Биылғы байқауды оқу орны Шадринск мемлекеттік педагогикалық (Ресей), Карабюк университеттері (Түркия) және Браганса политехникалық институты (Португалия), Халықаралық ақпараттандыру академиясы, Білім сарапшыларының қазақ лигасымен бірлесіп өткізді. Оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлаған биылғы іс-шара «Педагогикалық білім беру – ел өркендеуі мен тұрақтылығының негізі: жаңа мүмкіндіктер және заманауи трендтер» тақырыбын арқау еткенін айта кету керек.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялауды мақсат тұтқан осы бастама арқылы білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын айқындау, қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи трентерді қарастыруға мүмкіндік туып отыр. Соның арқасында заманауи педагогикалық технологиялардың мәні ашылып, педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу және тағы да басқа міндеттер шешімін табуда. Сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жоба аясында үздіксіз білім берудің басым бағыттары, М.Х.Дулатидің педагогикалық мұрасының мазмұны жан-жақты ашылды.

1

Дулати оқуларына педагогикалық мамандарды даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірге, жоғарыда атап өткен ұйымдастыру ісіне үлес қосқан білім ордалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының әдіскерлері, орта кәсіби білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, жаңашыл мұғалімдері және ЖОО-ның болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Іс-шара Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп оқушыларының музыкалық-сазды құттықтауымен ашылды.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К. Жампеисова «Интеграция жоғары педагогикалық білім беруді дамытудың тенденциясы ретінде» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, педагогикалық білім берудің жаңа мүмкіндіктері және заманауи трендтерінің мәнін ашып көрсетті. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Д.Шаматов «Педагогикалық білім беру бағдарламасындағы халықаралық трендтер» тақырыбына жасаған баяндамасы педагогикалық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғанын айта кеткен жөн.

Педагогикалық қауымдастықпен онлайн байланысқа шыққан Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Н.Скоробогатова «Инклюзивті білім берудің өзекті проблемалары және болашағы» тақырыбын кеңінен қамтып, инклюзивті білім берудің мазмұнын ашып, инклюзивті білім беруде Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің инновациялық іс- тәжірибесімен бөлісті. АҚШ-тық жас ғалым Д.Тилтонның «Білім алудағы халықаралық бағдарламалар» тақырыбына жасаған баяндамасына педагогикалық оқуға қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ф.Вассерман «Жалпы орта білім беретін мектепте сапаны басқару жүйесі және орталықтар ашу» мәселесін қозғап, авторлық «Заманауи мектеп 4.0» жобасын таныстырды. Жоба педагогикалық қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болды десек, артық айтқандық емес. Ал І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Педагогика және психология факультетінің» деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ыбрайымжанов – «Жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Білім сарапшыларының қазақ лигасының басшысы Г.Әбішева – «Жалпы орта білім берудің мазмұны: қазіргі жай-күйі және болашағы» тақырыптарын кеңірек зерделеген екен.

Осы күні ашық педагогикалық алаңдар ашылды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогика және психология жоғары мектеп оқытушы дәріскері, педагогика ғылымдарының магистрі А.Тәурбекова және «Zerde.Didakt» әдістемелік орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Н.Төлегенова ЖОО оқытушылары, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы білімгерлері, магистранттар, бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбына шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

Сондай-ақ «KPI BILIM» білім беру орталығының бас директоры Г. Әбішева, Алматы қаласының № 68 гимназияның педагог-шебері Н.Дрейт жалпы орта білім беретін мектеп директорлары және оқу ісінің меңгерушілерімен «Білім беруді басқарудағы сапа саясатын» кеңінен қамтып, шеберлігімен бөлісті. Соңында «Үздік педагогикалық өнім - 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды.

«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨНІМ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Педагогикалық инновациялық өнім» номинациясы бойынша Шу қаласындағы Төле би атындағы жалпы орта білім беретін мұғалімі Р.Қарабекова 1-орынды иеленді. Ал «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)» аталымының үздіктері – Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының мұғалімі А.Асанқұлова, Тараз қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Г.Бектаева және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Б.Сайдахметов.

Ал «Үздік инновациялық жоба» номинациясын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры К.Бузаубакованың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2023 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жобаларын гранттық қаржыландырудың AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми жоба аясында ашқан «www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы» ғылыми жобасы жеңіп алды.

«Үздік электронды оқу контенті» педагогикалық инновациялық өнім аталымы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Т.Қонақбаеваға бұйырды. Сонымен қатар, Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының мұғалімі Г. Наушабаева – «Үздік оқу-әдістемелік құрал», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры К.Жайдарбекқызы

«Үздік электронды оқулық», Қарағанды қаласы №9 гимназияның мұғалімдері Е.Ильина және О.Волынская«Үздік шебер-сынып» - номинациялар бойынша үздік шықты.

Жаңа Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялау бағытында педагогтар қауымын алда ауқымды істер күтіп тұр!

2

3

3 2

Клара БУЗАУБАКОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор.

Прочитано 1069 раз
Top