М.Х.Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің директоры Әлішер Бодаубековпен кездесіп, білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелер туралы әңгімелесті. Колледж басшысы білім ордасының жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып өтті.
Бұл – өңірдегі кәсіби білім беретін мекемелер арасында 1993 жылдан бері жоғары бәсекелестік көрсетіп келе жатқан оқу орны екені белгілі. Студенттері мен оқытушыларының қол жеткізген жетістіктері де көп. Педагогика, экономика және ақпараттық технологиялар саласы бойынша мамандарды даярлауда еңбек нарығындағы сұранысты өтеп отыр деуге де болады.
– Колледжде бірінші курста тек мектептегі бағдарламаны қайталап, шыңдау жұмыстары жүргізіледі. Екінші жылдан бастап, өз мамандығы бойынша негізгі пәндер енгізіледі. Колледждің басты талабы – тіл меңгеру. Көп ұлттың тілін білген сайын жастардың мүмкіндіктері де артады. Бізде түрік, орыс, ағылшын тілдері терең үйретіледі. Колледжде тек Жамбыл облысы ғана емес, басқа өңірлерден де талапкерлер келіп, білім алады, - деген Әлішер Бодаубеков әр аймақтан келген жастар үшін жайлы жатақхана, ыстық тамақ қамтамасыз етілгенін айтып өтті.
Талғат Ілиясұлы болашақ өз ісінің шеберлерін даярлауға баса көңіл бөліп, білім сапасын көтеру мен тәрбие жұмыстарын баса назар аударатын білім ордасындағы оқу процесіне жақсы баға берді. Аудиторияларды аралап, сабақ барысын көріп танысты. Жастардың IT бағытында қол жеткізген жетістіктерін көріп, қуаныш білдірді.
Әлішер Рустамұлы Дулати университетінің түлектері де қазіргі таңда Жамбыл инновациялық колледжінде білім беріп жүрген талапшыл мұғалімдер екенін айтып Талғат Ілиясұлына ризашылық білдірді.
Алдағы уақытта Дулати университеті Жамбыл инновациялық жоғары колледжімен тәжірбие алмасып, тығыз байланыс орнатуды жоспарлап отыр.
Медиа-қызмет