ШЕКТІ БАЛДАР

Құрметті тестіленушілер!

Талапкерлерді жоғарғы оқу орнына қабылдау сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде «Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балдың өзгергені туралы хабарлаймыз.
Енді бұл мамандық бойынша оқуға қабылдану үшін кемінде 75 балл жинау қажет.
МАҢЫЗДЫ: Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейі өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда,
- «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл,
- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл,
- «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.

Ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл.
ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.

Прочитано 1857 раз
Top