Тиімді өткен тағылымдама

Үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласының Қырғыз-Ресей-Славян Университетінде ғылыми тағылымдамадан өттім. Онда ғылыми жетекшім «Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Жолдасов Сапарбек Құрақбайұлымен бірлесе отырып, алдын-ала жасалған жоспар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымды жүргіздім.

Аталған университеттің «Гидротехникалық құрылымдар» зертханасында эксперименттік жұмыстар жүргізіп, «Ашық арналардың өткізу қабілетіне бұжырлық коэффициентінің әсерін зерттеу» атты диссертациялық жұмысымның бұжырлығы біркелкі емес арналарда ағын қозғалысының ерекшеліктеріне зерттеулер жасадым. Сонымен қатар «Су энергиясын төмендеткіш тезағар» тақырыбында патент дайындауға нақты нәтижелер алуға мүмкіндіктер туындады.

Диссертациялық тақырыбым бойынша Бішкек қаласында ғылыми-техникалық кітапханадан, Қырғыз-Ресей-Славян Университетінің кітапханасынан және «Қырғыз-Ресей-Славян Университеті Жаршысы» (Вестник Кыргызско-Российского-Славянского университета) ғылыми журнал жинағынан материалдар жинақтадым.

IMG 20220401 WA0014

Шетелдік ғылыми жетекшім т.ғ.к., профессор Логинов Геннадий Ивановичтің «Русловые и гидравлические процессы при водозаборе из горных рек в гидроэнергетические и ирригационные системы» атты диссертациялық жұмысынан тақырыбыма сай көптеген мағлұматтар алдым.

25 сәуір 2022ж күні Қырғыз-Ресей-Славян Университетінде «Сәулет, дизайн және құрылыстағы заманауи мәселелер» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Суланған периметр бойынша кедір-бұдырлы арналардағы ағынның қозғалысы» тақырыбында дайындалған мақаламен қатысып сертификат алдым. Бір сөзбен айтқанда бұл ғылыми тағылымдама жаңа идеялардың туындауына көп септігін тигізді. Тағылымдама барысында Бішкек қаласына барып қайту жолкіре, жатын орын, тамақтану университет есебінен төленді. Осындай зор мүмкіндіктер жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ешенқұлов Талғат Ілиясұлына шексіз алғысымды білдіргім келеді.

IMG 20220401 WA0029

8D07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар»

білім беру бағдарламасының докторанты

Тәттібаев Сағынтай Жақыпәліұлы

Прочитано 937 раз
Top