«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау» мамандығы бойынша дипломдық жобамды қорғадым

Менің мамандығым Елімізде сұранысқа ие және қарқынды дамып келе жатқан мамандықтардың бірі болып табылады.  Әр елдің экономикасының дамуы, тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының артуы халқымызды отандық және сапалы өнімдермен қамсыздандырумен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанның былғары және оған байланысты өнімдер саласы 160-тан астам кәсіпорынмен ұсынылған, оның 56  аяқ киімдерді, 54 былғары киімдерді және 51 кәсіпорын үлбір бұйымдарды өндірумен айналысады. Ең ірі өндіріс орындары: «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Almaty Tannery+» ЖШС және «КазЭкспортКожа» ЖШС. Қазақстандағы барлық былғары кәсіпорындарының жалпы қуаттылығы шамамен 54 мың тонна шикізатты құрайды: ірі қара мал және аз мөлшерде ұсақ мал терісі.

Бүгін 4 жыл бойы алған білімнің нәтижесі бойынша «Ерлердің күнделікті аяқ киімін өндіру процесінің конструкторлық-технологиялық құжаттамасын әзірлеу»  тақырыбымен дипломдық жобамды  қорғадым. Ерлерге арналған сапалы, гигиеналық және эргономикалық, экономикалық талаптарға сай аяқ киім жобалау кәсіпорындардың шығаратын аяқ киімдерінің ассортиментінің кеңеюіне өз үлесін қосатын болады деп ойлаймын.

Мамандығымды мақтан етемін. Алдағы уақытта елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы дамып, Қытай, Түркия, Рессей және т.б. мемлекеттерден импорт арқылы келетін қымбат және сапасыз бұйымдардың орнына отандық бұйымдарды тұтынатынымызға сенімдімін. Ол мемлектіміздің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Факультет деканы Әймен Әнуарбек Талқаұлының және кураторымыз Бекжан Абзалбекұлының берген көмегіне, қамқорлығына, айтқан ақылына ризашылығымды білдіремін!

Жеткен жетістіктерімді мақтан тұтып универімді айта аламын!!!

Мадияр Оспанбеков М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік универстеті Технологиялық факультетінің «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау»  мамандығының 4 курсының бітіруші түлегі.

Прочитано 1055 раз
Top