Құрметті магистранттар!
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе"магистр"дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білімалушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.
Үлгерімнің GPA орташабалының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одансоң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
-ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
-келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;
№ |
Білім беру бағдарламаларының тобы |
Код / Білім беру бағдарламасы |
Қабылдау жылы |
Курс |
Орын саны |
Топтағы білім бағдарламалары |
1 курс |
||||||
1 |
М010- Математика педагогтерін даярлау |
7М01501- Математика педагогтерін даярлау |
2021 |
1 |
2 |
7М01501- Математика педагогтерін даярлау |
2 |
М019- Шет тілдері педагогтерін даярлау |
7М01703- Шет тілдері педагогтерін даярлау |
2021 |
1 |
1 |
7М01703- Шет тілдері педагогтерін даярлау |
3 |
М016- Тарих педаогтерін даярлау |
7М01601- Тарих педаогтерін даярлау |
2021 |
1 |
1 |
7М01601- Тарих педаогтерін даярлау |
4 |
М124- Құрылыс |
7M07312 Инновациялық технологиялар және құрылыс саласындағы зерттеулер |
2021 |
1 |
1 |
7M07312 Инновациялық технологиялар және құрылыс саласындағы зерттеулер 7М07301 Сәулет және қазіргі заманғы қалалық инфрақұрылым |
5 |
М094- Ақпараттық технологиялар |
7M06113 Корпоративті ақпараттық жүйелер және технологиялар |
2021 |
1 |
1 |
7M06113 Корпоративті ақпараттық жүйелер және технологиялар 7M06111 Информатика және компьютерлік ғылымдар 7M06112 Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау 7M06114 Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу |
6 |
М111-Тамақ өнімдерін өндіру |
7M07202 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
2021 |
1 |
1 |
7M07202 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 7M07201 Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі |
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ақылы негізде оқитын студенттің білім беру гранты бойынша оқуы туралы ЖОО ректоры атына жазылған өтініші.
2. Студенттің транскрипті.
3. Студенттің жеке басын куәландыратын құжаткөшірмесі.
4. Әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда).
Назар аударыңыздар! Грант иегерлерінің (оның ішінде бос гранттар) назарларына!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012ж. 30 наурыздағы №390 Қаулысына сәйкес:
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.